Пауло Рикардо Кака: «Біздің ендігі жұмысымыз – келесі кездесулерге стратегия құру»

Пауло Рикардо Кака: «Біздің ендігі жұмысымыз – келесі кездесулерге стратегия құру»

15 қыркүйек 2024, 21:38
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатында Испаниямен (1:1) өткен алғашқы ойынды қорытындылады.

– Әрине, ойыннан кейін эмоция қалды. Өйткені, әлем чемпионаты енді басталып жатыр. Бір ғана ойын аяқталды. Бүгін біз әдемі ойын өрнегін көрсетпедік, алайда командалық үйлесімді ойын көрсете алдық. Біздің бір ғана мақсатымыз бар – қай жерде жүрсең де Қазақстан намысын қорғау. Менің ойыншыларым бүгін соны дәлелдей алды. Ойын нәтижесіне қанағаттанбаймын, өйткені жеңіске жетеміз деп келдік. Дегенмен ойында болған жағдайларға байланысты тең нәтиже жаман емес деп есептеймін. Ең бастысы шәкірттерімнің ойынына көңілім толады. Олар бүгін қиын ойынды алып шықты. 

Бүгін ойын алдында командаға жанкүйерлердің көп болатынын айттым. Қолдау мен қысымның айырмашылығын ұғыну керек. Бірақ қысым кез келген команда да бола бермейді. Сол себепті оны артықшылық деп түсінген абзал. Ойын нәтижесіне талап қойылатын болса – онда бұл біз үшін артықшылық. Біздің ендігі жұмысымыз ойыншыларымыздың дайындығы мен қарсыласымыздың деңгейін сараптап, келесі кездесулерге стратегия құру.

Бөлісу
Жоғары