Игита: «Бүгін жанкүйерлеріміз алтыншы ойыншымыз болды»
– Біз Испанияға арнайы дайындалдық. Өте қиын ойын болатынын білгенбіз. Сол себепті жаттығуда жасаған дайындықтарымызды жүзеге асыра алмадық. Олардың ойыншылары өте сапалы. Үнемі қауіп төндіреді. Бүгін мен жеңіске жеткім келді. Мен әрқашан жеңгім келеді. Тең есеп жаман нәтиже емес.
Жылдам гол туралы айтсақ, Біржан мен Дуглас жаттығуда осы комбинацияны жеті рет жаттықтырған еді. Біреуінде гол болмады. Бірақ әрқашан сену керек, олар бір-бірін өте жақсы түсінеді. Жылдам гол тосын сый болды. Мен ерекше комбинацияларды өте жақсы көремін. Бірінші таймда гол өткізіп алғанымызға өкінемін. Үзіліске дейін есепті ұстап тұрғанда жеңіске жету мүмкіндігі сақталар еді. Әрі қарай дайындықты жалғастырып, Ливиямен өтетін ойынға жақсы дайындықпен келу керек.
Бүгін жанкүйерлеріміз алтыншы ойыншымыз болды. Ташкент жақын болғанымен, Әндіжан алыстау. Біздің жанкүйерлер Әндіжанға осыншама көп келеді деп ойламаппын. Ойынның соңына дейін қарсыластың қарқынына төтеп бергеніміз жанкүйерлердің арқасы деп санаймын. Олар бүгін менімен бірге қақпада тұрды.