Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2025 іріктеу кезеңінде Эстония, Германия және Португалиямен ойнайды

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2025 іріктеу кезеңінде Эстония, Германия және Португалиямен ойнайды

16 қыркүйек 2024, 15:51
2025 жылғы жағажай футболынан Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы бірінші топтық кезеңнен қатысады, онда Эстония, Германия және Португалия командаларымен ойнайды. Іріктеу матчтары 2024 жылғы 4-14 қазан аралығында Испанияның Кадис қаласында өтеді.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2025 жылдың 1-11 мамыр аралығында Сейшель аралдарында өтеді.

Бөлісу
Жоғары