Астанада Премьер-Лига мен Бірінші лиганың шешуші бөлігі қарсаңында төрешілерге арналған семинар басталды
                    16 қыркүйек 2024, 15:22
                
                                    
                                                    Фото: Архивное фото от 11.06.2024
                                            Семинарға 68 төреші қатысып жатыр. Премьер-лига мен Бірінші лиганың шешуші матчтары қарсаңында Төрелік және инспекция департаменті төрешіліктің негізгі тақырыптары бойынша кең аналитикалық материал дайындады, мысалы:
- қолмен ойнау
 - айып алаңындағы жағдайлар
 - VAR араласатын сәт
 - ойынды басқару
 - қарсыласын гол соғу мүмкіндігінен айыру
 - жекпе-жек
 
Семинар қатысушылары маңызды эпизодтар бойынша видеотестілеуден өтеді. Нәтижесінде шыққан сұрақтар мен проблемалардың шешу жолы қарастырылады.
Сондай-ақ УЕФА мен ФИФА талабы мен Төрелік және инспекция департаментінің жоспары бойынша төрешілер мен олардың көмекшілері төмендегі физикалық нормативтерді тапсырады:
- ФИФА-ның (15-18 сек) арбитрлерге арналған тесті
 - 40 метрге спринт
 - ФИФА (15-20 сек) көмекшілерге арналған тесті
 - 30 метрге спринт
 - CODA тест
 
Жаңалықтар
15 қыр., 22:01
                                
                            15 қыр., 21:49
                                
                            11 қыр., 10:56