Альберт Ақбалықов: «Өте қиын ойын болды»

Альберт Ақбалықов: «Өте қиын ойын болды»

18 қыркүйек 2024, 19:34
Ливия – Қазақстан матчының (1:4) үздік ойыншысы Альберт Ақбалықов ҚФФ баспасөз қызметіне арнайы сұхбат берді.

– Ойын өте қиын болды. Ливия құрамасы ойынға дейін топтың көшбасшысы болған және мінезді бар команда. Бас бапкер ойын алдында ең бастысы үш ұпай алу керек деп нұсқау берген. Өзімді ойынның үздік ойыншысы деп санамаймын. Жарақаттан кейін әлі де бабыма толық келе алмай жатырмын. Дегенмен, бұл таңдауға өте қуаныштымын. Кез келген қарсыласқа қарсы жеңіске ойнаймыз. Чемпион болу үшін әр командаға дайын болуымыз керек. Сол себепті қарсылас таңдамаймыз. Иран, Аргентина және Испания құрамаларымен ойнадық. Барлық қарсыласпен ойнауға болады деп есептеймін. Ең бастысы өзіміздің ойынды көрсетіп, жеңіске жету. Біздің жанкүйерлермен қатар, өзбек және қырғыз бауырларымыз, түрік ағайындарымыз келіп қолдау білдіріп жатыр. Ерекше сезім. Екі тайм бойы тоқтамай қолдау көрсетті. Барлығына алғысым шексіз!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары