Қазақстан – Словения матчының билеттері бойынша ақпарат

Қазақстан – Словения матчының билеттері бойынша ақпарат

22 қыркүйек 2024, 19:06
Қазақстан футбол федерациясы биыл күзде Алматыда өтетін УЕФА Ұлттар лигасы ойындарына дайындығын жалғастыруда.

Алматының орталық стадионында жанкүйерлерді стадионға өткізу жүйесін жақсарту мақсатында тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. 

ҚФФ Freedom Ticketon билет операторымен бірлесіп, ұлттық құраманың алдағы матчтарына билетті «атаулы» жасауды жөн көрдік. 

Бұдан бөлек, стадионға кіру үшін билетте көрсетілген аты-жөнді жеке куәлікпен растау қажет. 

Сондай-ақ, ҚФФ билетті бірнеше бағытқа бөледі. Олар: коммерциялық, серіктестерге арналған және қайырымдылық билеттері. 

Достар! Жағымсыз жағдайға тап болмай, ақшаңызды сақтап қалу үшін абай болыңыз! Үшінші тұлғалардан билет сатып алмаңыз.

Билетті тек ҚФФ-нің ресми серіктесі Freedom-Ticketon билет операторынан сатып алуыңызды сұраймыз. УЕФА Ұлттар лигасы аясында Алматының орталық стадионында өтетін Қазақстан – Словения матчының билетері 1 қазан күні 19:00-де сатылымға шығады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары