Қазақстандық төрешілер УЕФА Конфереция лигасының ойындарында қызмет атқарады
02 қазан 2024, 16:11
Болат Сариев бастаған төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің 1-туры аясындағы ЛАСК (Аустрия) пен «Юргорден» (Швеция) арасындағы матчта қызмет етеді. Оған Денис Лабашов пен Юрий Тихонюк көмектессе, төртінші арбитр ретінде Айдын Тасыбаев жұмыс істейді. AVAR төрешісі ретінде Данияр Сахи тағайындалды.
Ойын қазанның 3-нен 4-не қараған түні Линц қаласындағы «Оберостеррайх Арена» стадионында Астана уақытымен 00:00-де басталады.
ЛАСК (Аустрия) – «Юргорден» (Швеция).
Бас төреші: Болат Сариев
Бас төрешінің көмекшілері: Денис Лабашов, Юрий Тихонюк
VAR төрешісі: Камфус Йохем (Нидерланд)
AVAR төрешісі: Данияр Сахи
Қосалқы төреші: Айдын Тасыбаев
04.10.2024. 00:00. «Оберостеррайх Арена», Линц (Аустрия)
Жаңалықтар
01 қаз., 13:42