Астанада ҚР Тәуелсіздік күніне орай діни конфессиялар өкілдері арасында футбол турнирі өтті
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған турнир УЕФА және Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының қолдауымен өтті. Бұл іс-шара бейбітшілік пен келісім мәдениетінің ажырамас элементі саналатын дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған.
Айта кететін жайт, 2023 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XXI Хатшылығы отырысы өтті. Сол кезде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі жиарма жылға жуық қызметінде дінаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, толеранттылық пен өзара қолдау идеяларын ілгерілетуге елеулі үлес қосқанын, маңызды әлемдік проблемаларды шешуге ықпал еткенін атап өтті.
Турнирдің салтанатты ашылуына Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, архиепископ, Апостольдық нунций, Ватикан елшісі Джордж Джордж Панамтундил, Қазақстанның Евангелиялық сенімі Христиан шіркеулері Одағының Өңірлік үйлестірушісі Сергей Кан және Қазақстан футбол федерациясы тұрақты даму бағыты бойынша басқарма басшысы Шыңғыс Темірханов қатысты.
ҚФФ Кубогында әр түрлі діни бірлестік қауымынан 16 команда бақ сынады.
1. «Алаш» (Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының командасы) – Ислам
2. «Тұран (Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының командасы) – Ислам
3. Әкелер кеңесі
4. «Фатима» (Астана қ. Рим-Католик шіркеуінің командасы)
5. «Сәлем» (Евангелиялық христиан-баптистер Астана қауымының командасы)
6. «Сәлем Астана» (Евангелиялық христиан-баптистер Астана қауымының командасы)
7. ЕХБ (МРО «Церковь Евангельских Христиан Баптистов»)
8. «Агапе» (Қазақстанның Евангелиялық сенімі христиандар шіркеулері Одағының командасы)
9. «Благодать» (Қазақстанның Евангелиялық сенімі христиандар шіркеулері Одағының командасы);
10. «Восточная» (Астана қаласының «Шығыс» Христиан-Пресвитериан шіркеуі командасы)
11. «Шаңырақ» (Астана қаласы «Шаңырақ» Евангелиялық Христиан қауымы командасы)
12. «Nazarene» (Астана қаласы Евангелиялық «Назареттік шіркеуі» командасы)
13. «Лиахона» (Астана қаласындағы «Иса Мәсіхтің соңғы күндері әулиелер шіркеуі» ЖДБ)
14.«Бахаи» («Астана қ. Бахаи қоғамдастығы» командасы)
15. «Баларама» (Астана қ. Кришна сана қоғамының командасы)
16. «Азия-MIX» (аралас құрама)
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Тұран» командасы алды. Екінші орын «Астана қ. Бахаи қоғамдастығы» командасына бұйырды. Үздіктер үштігін «Азия-MIX» командасы түйіндеді. Жеңімпаз командаға «Діни конфессиялар арасындағы Достық кубогы» табысталып, командалар ҚФФ-дан естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жарысқа қатысушылар қазіргі заманда діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім Қазақстанның негізгі құндылығы екенін атап өтті. Қазіргі қоғамда конфессияаралық толеранттылық пен толерантты сана көзқарасын қалыптастыру қоғамда тәрбиелік маңызы бар.