Наргис Мағау: «Төрешілік мансабыма көбірек назар аударуды шештім»
– Кеше Швейцарияда өтетін 2025 жылғы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Өкінішке қарай, біздің команда бұл турнирге қатыспайды. Алайда мен осы чемпионаттың матчтарында төрелік етуге үміткер қазылар тізіміне ендім. Сол себепті мен төрешілік мансабыма көбірек назар аударуды шештім, өйткені Еуропа чемпионаты сияқты ірі турнирде еліміздің атынан шығу – үлкен құрмет және жауапкершілік. Алдағы айларда ЕУРО-ға дайындық аясында жиындар мен ойындар күтіп тұр. Бұл сөзсіз менен көп күш-жігер, энергия және уақыт талап етеді. Мен чемпионатта төрелік ететін қазылардың соңғы тізіміне кіру үшін бар күшімді саламын.
Алдағы таңдауда қалған үміткерлерге сәттілік тілеймін! Ал өз кезегімде халықаралық төреші ретінде қазақ футболының игілігі үшін жұмысымды жалғастыруға барымды саламын.