Давид Лория Қазақстан құрамасының ойыншыларымен кездесті

Кездесу барысында Давид Лория ұлттық құраманың дайындығы мен оқу-жаттығу жиынының барысымен танысып, ойыншыларға сәттілік тіледі. Ол алдағы маңызды матчтарға дайындықтың жоғары деңгейде өтуі қажеттігін айтты.
Бас бапкер Әли Әлиев командадағы атмосфера, дайындық деңгейі мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаттарын түсіндірді. Сонымен қатар, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің басшысы Руслан Балтиев ұлттық құраманың ұзақ мерзімді даму жоспары мен алдағы халықаралық ойындарға дайындық барысы жайлы мәлімет берді.
Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.
Жиын аяқталғаннан кейін бас бапкер мен бапкерлік штаб ойыншылардың дайындығы бойынша қорытынды жасап, алдағы ресми ойындарға құрамды анықтайды.