Қазақстан U-21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді
06 ақпан 2025, 14:33
Қазақстан U-21 құрамасы D тобына түсті. Қарсыластары – Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра.
Топтық кезең 2025 жылдың наурызынан 2026 жылдың қазанына дейін өтеді, ал қараша айында плей-офф матчтары ұйымдастырылады.
Топ жеңімпаздары мен үздік екінші орын иегері (алтыншы орын алған командалармен ойындар есепке алынбайды) Еуро-2027 финалына тікелей жолдама алады. Қалған сегіз екінші орын иегері плей-офф арқылы соңғы төрт жолдаманы сарапқа салады.
Финалдық турнир 2027 жылдың жазында Албания мен Сербияда өтеді.
Жаңалықтар
05 ақп., 21:40
04 ақп., 10:30
02 ақп., 01:35
01 ақп., 21:00
31 қаң., 17:22
31 қаң., 11:30