Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
![](/uploads/images/2025/02/09/67a868da55888.jpg)
Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.
Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»), Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»);
Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»), Ади Адамбаев, Алмас Төлібай (екеуі – «Елімай»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Асқар Сатышев («Тұран»), Амандық Набиханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Абылайхан Назымханов («Елімай»), Серікжан Мужиков, Ален Айманов («Жетісу»), Жаслан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – «Тобыл»), Равиль Атыханов («Атырау»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);
Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла («Ақтөбе»);
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.
Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.