Қазақстан U-21 құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Оқу-жаттығу жиыны барысында екі бақылау матчы жоспарланған. Аға бапкер Денис Мамонов жастар құрамасы сапына 24 ойыншыны шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы биыл 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.
Қазақстан U-21 жастар құрамасының ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Мирас Рихард («Ертіс»);
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Юсуф Саидалиев («Атырау»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Темірлан Мұрзагалиев («Қайсар»), Рамазан Каримов («Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Абинұр Нұрымбет («Тұран»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Мирас Оматай («Жетісу»);
Шабуылшылар: Артем Литош («Хан-Тәңірі»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Ерасыл Сәрсенбай («Тұран»);
Резерв: Айдос Кемаладин («Ордабасы»), Владислав Ложкарев, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Аслан Ахмедов, Әлихан Исраилов (екеуі де – «Қайрат»), Никита Губарев («Қайсар»), Максим Холод («Шахтер»), Сэйф Попов («Алтай»), Темірлан Ағиманов («Ертіс»»)
Бапкерлік штаб: Денис Мамонов – аға бапкер, Дмитрий Карпов – аға бапкердің көмекшісі, Жарқынбек Жоламанов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Нұрғазы Хайруллин – қақпашылар жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Қайратәлі Күнходжаев – массажист, Ердос Қалимов – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер.