Қазақстандық төрешілер қыздар арасындағы 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейді

Қазақстандық төрешілер қыздар арасындағы 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейді

14 наурыз 2025, 13:20
Қазақстандық төрешілер Наргис Мағау мен Татьяна Сорокопудова 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына тағайындалды.

А лигасы A5 тобында Англия, Финляндия, Нидерланды мен Швеция құрамалары ойнайды. Қазақстандық төрешілер үш ойында қызмет атқарады. 14 наурызда Нидерланды мен Финляндия құрамалары арасындағы матчта Татьяна Сорокопудова бас төреші болса, Наргис Мағау көмекші қызметін атқарады.

17 наурыздағы Финляндия мен Швеция құрамалары арасындағы матчтың бас төреші болып Татьяна Сорокопудова тағайындалды. Оған Наргис Мағау көмектеседі.

Финляндия мен Англия құрамалары арасындағы ойында Наргис Мағау қапталдағы төреші болса, матчтың төртінші төрешісі ретінде Татьяна Сорокопудова атқарады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары