Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында Лихтенштейнді жеңді

Эшен қаласында өткен матчта Қазақстан W құрамасы 0:4 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасы сапынан Бибігүл Нұрышева дубль жасаса, Карина Берікова мен Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы дебют голдарын соқты.
Қазақстан W құрамасы келесі ойынын 8 cәуір күні «Астана Аренада» Арменияға қарсы өткізеді.
Ұлттар лигасы. Жалпы кезең. 3-тур
Лихтенштейн – Қазақстан – 0:4 (0:3)
Голдар: Нұрышева 5, 36 (п), Берікова 26, Бибосынова 90+4
Ескертулер: Бибосынова 71, Мясникова 75
Лихтенштейн: Бишофбергер (Қ), Геппель, Фазель, Хюрлиманн, Беннеккенштайн, Штампфли, Киндле, Айлер-Кюне, Риш, Фрик, Блументаль;
Қосалқы құрам: Хубер (Қ), Шеррер, Колльманн, Лонер, Гернер, Фогт, Хаммерманн, Кинд, Майер;
Бас бапкер: Адриен Крисл.
Қазақстан: Исмайлова (Қ), Хайрулина, Айтымова, Демидова, Гайстенова, Нұрышева, Норбаева, Мясникова, Берікова, Бибосынова, Тұрлыбекова;
Резерв: Портнова (Қ), Тихонова (қ), Алданазар, Сатығалиева, Жанатаева, Қаражанова, Попова, Ержанова, Лозукова, Жұмабайқызы, Бурова, Рахатжан;
Бас бапкер: Мадияр Кембілов.
Төрешілер: Мария Глекова, Мэй Моалем, Камла Нассар, Сапир Гая Берман (бәрі – Израиль)
04.04.2025. Эшен, «Шпортпарк Эшен-Маурен»