Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирін жеңіспен бастады
Алғашқы матчта Талғат Байсуфинов шәкірттері Намибия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Ян Вороговский 12-минутта және Әлібек Қасым 79-минутта гол соқты.
Келесі ойында Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы алаңға шығады. Матч 31 наурыз күні сағат 17:00-де Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қазақстан – Намибия – 2:0
Голдар: Ян Вороговский 12, Әлібек Қасым 79
Ескерту: Ғалымжан Кенжебек 45+1, Иван Свиридов 52, Ислам Чесноков 57, Александр Мрынский 75, Нұралы Әліп 90+5 – Чарльз Хамбира 20, Тьипенанджамби Карууомбе 45+1, Нестор Йиямбо 45+1
Қазақстан: Темірлан Анарбеков (қ) (Мұхаммеджан Сейсен 46) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Әлібек Қасым, Александр Мрынский – Исламбек Қуат (Еркін Тапалов 89), Рамазан Оразов (Айбол Әбікен 46), Ғалымжан Кенжебек (Дінмұхамед Қараман 77), Максим Самородов (Жаслан Жұмашев 88), Ислам Чесноков (Дамир Марат 65) – Иван Свиридов (Артур Шушеначев 64)
Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (қ) – Александр Широбоков, Сергей Малый, Арсен Әшірбек, Мейрамбек Қалмырза, Сағи Совет – Нұрдәулет Ағзамбаев, Оралхан Өміртаев
Бас бапкер: Талғат Байсуфинов
Намибия: Камаиджанда Ндисиро (қ) – Риан Ханамуб, Чарльз Хамбира, Нгеро Катуа, Паулус Амутенья (Тухафени Давид 90+6) – Двайн Кинда (Бен Намиб 61), Апросиус Петрус, Тьипенанджамби Карууомбе (Серджио Дамасеб 69), Бетуел Музеу – Машику Муйека (Уетууру Камбато 62), Нестор Йиямбо (Ромео Касуме 69) (Мбаконджа Тьянихика 80)
Қосалқы құрам: Мервин Касетура (қ), Йонас Матеус (қ) – Дикон Какуенже, Окери Нгуарамбука – Барнард Хорасеб, Уэнделл Рудат
Бас бапкер: Коллин Бенжамин
Төрешілер: Виктор Шимусик, Сергей Косовец, Антон Гусев (бәрі – Беларусь), Георгий Чеховский (Қазақстан)
25 наурыз, 2026 жыл – 17:00. «Астана Арена», Астана.