Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кайзер әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткер атанды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кайзер әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткер атанды

02 сәуір 2026, 14:27
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы мен «Арман» клубының ойыншысы Михаил Кайзер Beach Soccer Worldwide ұйымы бойынша 2025 жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына енді.

Дауыс беру ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен капитандары арасында өтеді. Бұған дейін Михаил Кайзер 2025 жылғы Евролиганың В дивизионында ең үздік ойыншы (MVP) атанған еді.

Евролига-2025 турнирінде ол 7 матч өткізіп, 7 гол соғып, Қазақстан құрамасының басты сұрмергені болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Евролиганың В дивизионында сәтті өнер көрсетіп, 2026 маусымында А дивизионында ойнау құқығына ие болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары