Қазақстан WU-17 әйелдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына арналған құрамы анықталды

Қазақстан WU-17 әйелдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына арналған құрамы анықталды

01 сәуір 2026, 16:31
Қазақстан WU-17 әйелдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.

Қазақстан WU-17 әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Юлия Мамонова ойындарға 26 футболшыны шақырды:

Қақпашылар: Ақнұр Жақсыгелді («Қайрат»), Сабина Үсен («Биік-Шымкент»), Екатерина Алещенко («Қайрат»)

Қорғаушылар: Сабина Айтжанова («Ертіс»), Кәусар Алпысбай («Қайрат»), Ангелина Кленова («Қайрат»), Валерия Косарева («Ертіс») Назым Кулетова («Ақтөбе»), Айнель Сманова («Астана») Ақниет Хутдыгулы («Каспий»), Адина Шуренова («Биік-Шымкент»)

Жартылай қорғаушылар: Саида Дүйсембаева («Шахтер»), Әлзия Жамбыл («Астана»), Дамира Мақсат («Астана»), Жания Махаш («Қайрат»), Алина Сартаева («Тобыл»), Балжан Төлеміс («Жетысу»), Даяна Төлебаева («Актобе»)

Шабуылшылар: Нұрай Болатова («Жетісу»), Ботагөз Жұмажанова («Атырау»), Зарема Мақсот («Астана»), Асыл Пазыл («Астана»), Софья Рыбак («Астана»), Софья Ягудина («Қайрат»), Айнур Ануарбек («Жетысу»). 

Бапкерлер құрамы: Юлия Мамонова – аға бапкер, Сюзанна Корнецова – аға бапкердің көмекшісі, Екатерина Красюкова – дене даярлығы бапкері, Алексей Булучевский – қақпашылар бапкері, Айдана Рамазанова – дәрігер, Лайла Есімжанова - массажист, Серік Жугралин - менеджер. 

Қазақстан WU-17 әйелдер құрамасы сәуір айында 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің В лигасы аясында матчтар өткізеді. Ойындар Черногорияда өтеді. Юлия Мамонованың шәкірттері Черногория және Молдова құрамаларына қарсы ойнайды.

Бөлісу
Жоғары