Александр Мрынский: «Ертеңгі матчта тек жеңіс үшін ойнаймыз»
30 наурыз 2026, 23:10
«Ертең, әрине, жеңіске жетуді көздеп отырмыз. Қарсыласты талдап, өткен ойындағы қателіктерімізді сараладық. Комор құрамасының жауынгер команда екенін білеміз. Африкалық стильге тән күшке негізделген футбол ойнайды. Соған дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз», деді А.Мрынский.
Сонымен қатар, Александр Мрынский ұлттық құрама сапында ойнаудың маңыздылығына тоқталды:
«Ұлттық құрамаға шақырту – менің арманым әрі мақсатым болған. Мұндағы атмосфера кез келген еурокубоктағы ойындардан ерекше. Сен өз еліңнің намысын қорғайсың, жауапкершілік мүлде басқа деңгейде. Алғашқы ойыннан бастап командаға көмектесіп, жеңіске үлес қосуды қалаймын», деді А.Мрынский.
Жаңалықтар
30 нау., 23:00
30 нау., 15:39
30 нау., 10:55
29 нау., 12:54
29 нау., 12:10
28 нау., 21:20