Бауыржан Сағындық: «Жалғыз пенальти ойын тағдырын шешіп кетті»

Бауыржан Сағындық: «Жалғыз пенальти ойын тағдырын шешіп кетті»

29 наурыз 2026, 07:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бауыржан Сағындық Еуро-2025/26 іріктеу кезеңінің A лигасы аясында Данияға қарсы өткен матчқа (0:3) қатысты пікірін білдірді.

«Пенальтиге дейін ойын тең болды. Біз жоспар бойынша ойнап, жинақы ойын көрсеттік. Допсыз да дұрыс әрекет етіп, алаңды бақылауда ұстадық.

Ойынды өзгерткен сәт - пенальтидің тағайындалуы болды. Содан кейін ойын құрылымы мен сенімділікті сәл жоғалтып алдық. Ал қарсылас соны пайдаланып кетті.

Жоспар жүзеге аспай қалды деп айтуға келмес. Ойынға деген концентрация мен ойын сапасын соңына дейін сақтай алмадық», – деді Сағындық.

Бөлісу
Жоғары