Сергей Лабодовский: «Аз құрамда ойнасақ та, ойыншылар тек есепті теңестіруді ойлады»
«Өкінішке қарай, біздің жартылай қорғаныстағы екі негізгі ойыншымыз алдыңғы кезеңде Нидерландыда алған сары қағаздары үшін бұл матчқа қатыса алмады. Сонымен қатар кейбір ойыншыларда алғашқы ойыннан кейін кішігірім жарақаттар болды.
Соған қарамастан, матчқа жақсы дайындалдық деп ойлаймын. Қарсыласты жақсы зерттедік, ойынға батыл жоспар құрдық. Ойын көрсеткендей, ол жоспар жұмыс істеді. Алғашқы 30 минутта ойынды толық бақылауда ұстадық. Біз өзіміздің ойынымызды көрсеттік.
Өкінішке қарай, бір қате шешімнің салдарынан он ойыншымен қалдық. Бірінші таймның соңғы минутында стандарттан гол жіберіп алдық. Үзіліске дейін шыдап, өзгерістер енгізуге сәл ғана жетпеді.
Екінші таймда ойын жүйесін өзгертіп, аз құрамда қалсақ та, агрессивті ойынды жалғастырдық. Жігіттер есепті теңестіруге қатты тырысты, барын салды. Бірақ ойын соңына қарай күш жетпей қалып, қарсылас соны пайдаланып кетті. Екі қарымта шабуылдан кейін есеп 3:0 болды.
Жігіттерге рахмет айтқым келеді. Бәрі соңына дейін күресті. Аз құрамда ойнаса да, тек есепті теңестіруді ойлады.
Әрине, нәтиже көңілден шыққан жоқ. Басқаша болады деп күттік, мүмкіндік те болды. Бүгін сәл жолымыз болмады.
Енді соңғы ойынға дайындаламыз. Әр матч маңызды, біз ел намысын қорғаймыз. Сондықтан қол қусырып отырмаймыз, соңғы ойында барымызды салып, жанкүйерлерді жақсы нәтижемен қуантуға тырысамыз», – деді Сергей Лабодовский.