ҚФФ өкілдері УЕФА-ның төрешілер нұсқаушыларына арналған семинарына қатысты
Екі күнге созылған іс-шара Мальтада өтті. Оған УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың бас нұсқаушылары қатысты.
Семинар барысында қатысушылар төрешіліктің негізгі аспектілерін талқылап, өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, ойын сәттерін бағалау мен шешім қабылдауда ортақ тәсілдерді қалыптастырды.
Қазақстан футбол федерациясы атынан семинарға төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша алынған ұсыныстар елдегі төрешілерді даярлау жүйесіне енгізіліп, отандық төрешілер мен нұсқаушыларға жеткізіледі. Бұл отандық төрешілікті еуропалық үздік стандарттарға жақындатуға бағытталған.
Сонымен қатар, техникалық бағыттан бөлек, дене даярлығына қатысты осындай семинар да жоспарланған. Оған ҚФФ атынан Светлана Кучина қатысады.