Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2026 іріктеуінің элиталы кезеңін жеңіспен бастады

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2026 іріктеуінің элиталы кезеңін жеңіспен бастады

25 наурыз 2026, 21:52
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің элиталы кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді.

Сергей Лабодовский шәкірттері алғашқы матчта 5-топтың алаң иесі Румыния құрамасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Абылай Төлеухан 13-минутта және Азамат Тұяқбаев 66-минутта соқты.

Келесі ойында Қазақстан U-19 құрамасы Украинаға қарсы ойнайды. Матч 28 наурыз күні Қазақстан уақытымен 14:00-де өтеді.

Қазақстан U-19 – Румыния U-19 – 2:0 (1:0)

Голдар: Төлеухан 13, Тұяқбаев 66

Ескерту: Ақылбаев 20, Ташпулатов 47, Әбіш 55, Құсайынов 66 – Фотин 28

Қазақстан U-19: Қалмұрза (қ), Қалиқұлов, Қалиев, Базарбаев, Ташпулатов, Ақылбаев, Петрик (Жексенбек 90), Әбіш (Кеңесбеков 90), Тұяқбаев (к) (Махаметжан 68), Төлеухан (Абраев 68), Бірқұрманов (Бекболат 82)

Қосалқы құрам: Құсайынов (қ), Сағын, Төребек, Нұрғали

Румыния U-19: Унгуреану (қ), Гашпер, Уркан, Фотин (Мойса 64), Течереш, Пырву (к) (Петкурлеску 80), Вереш, Гера, Дойкару (Боснеак 80), Стоян (Доана 90+4), Тома (Нексулеску 64)

Қосалқы құрам: Ракашан (қ), Бодо, Сенчуич, Котор

Төрешілер: Филип Фаруджа, Марк Чантар (екеуі де – Мальта), Дион Фиккерт, Джоуи Коэй (екеуі де – Нидерланды)

25 наурыз 2026 жыл. Румыния, Волунтари, Ангел Йордэнеску атындағы стадион.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары