Владимир Чебурин: «Өзіміздің қателіктерімізден гол жібердік»
28 наурыз 2026, 00:46
«Ең алдымен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жақсы қолдау көрсетіп, жігер берді.
Ойын туралы айтсам, пенальти біздің ойын ырғағымызды бұзды. Содан кейін бірнеше қателік жібердік. Соның бәрі нәтижеге кері әсер етті.
Екінші таймда ойынды өзімізге бұра бастадық. Алғашқы 10 минутында қарсыластың ойынына үйренісіп алдық. Алаңға тың ойыншылар шығару арқылы шабуылды күшейте түстік. Осы өз нәтижесін берді.
Жалпы, командаға реніш жоқ. Бәрі барын салды, бәрі дайын болды. Өкінішке қарай, өзіміздің қателіктерімізден гол жібердік.
Ал Ирландияға қарсы алдағы ойынға келсек, дайындыққа уақыт аз. Дегенмен барынша қарсыласты саралап, дайындалуға тырысамыз», – деді Владимир Чебурин.
Жаңалықтар
27 нау., 21:54
24 нау., 22:00