Қазақстан жастар құрамасы Түркістанда Словакиядан жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы Түркістанда Словакиядан жеңілді

27 наурыз 2026, 21:54
Қазақстанның жастар құрамасы Түркістанда Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында Словакия құрамасына қарсы матч өткізді.

Ойын қонақтардың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын 79-минутта Мағжан Тоқтыбай соқты.

Келесі матчта Владимир Чебурин шәкірттері 31 наурыз күні Түркістанда Ирландия құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан U-21 – Словакия U-21 – 1:3

Голдар: Мағжан Тоқтыбай 79 – Нино Марцелли 18 (пенальти), Артур Гайдош 56, Милан Регуш 90+6

Ескертулер: Сэйф Попов 34, Сұлтан Асқаров 39 – Артур Гайдош 36, Адам Грдина 75

Қазақстан U-21: Дулат Талыспаев (қ) – Рамазан Кәрімов, Әли Тұрғанов, Сұлтан Асқаров (к), Мирас Оматай (Тамерлан Агиманов 73), Жасұлан Әмір – Әбинұр Нұрымбет, Олжас Байбек (Давид Есімбеков 46), Глеб Валгушев (Мүслім Жұмат 64), Сэйф Попов (Ян Труфанов 64) – Рамазан Бағдат (Мағжан Тоқтыбай 73)

Қосалқы құрам: Мирас Рихард (қ) – Темірлан Мұрзағалиев – Никита Губарев, Вячеслав Раскатов

Аға бапкер: Владимир Чебурин

Словакия U-21: Адам Грдина (қ) – Хюго Павек, Филип Миелке, Якуб Якубко (к), Тимотец Граница – Винцент Хила, Сэмюэл Гиди, Тадеаш Гайовски (Мирослав Сович 62) – Артур Гайдош (Милан Регуш 74), Якуб Пира (Адам Григер 74), Нино Марцелли (Артур Мусак 88)

Қосалқы құрам: Якуб Баджгонь (қ) – Томаш Яшшо, Николас Брандис – Энди Масарик, Патрик Дулай

Аға бапкер: Ярослав Кентош

Төрешілер: Атилла Караоглан6 Джейхун Сесигюзел, Джандаш Элбиль, Айберк Демирбаш (бәрі – Түркия)

27 наурыз, 2026. «Түркістан Арена», Түркістан

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары