Қазақстандық төрешілер УЕФА турнирлеріне тағайындалды

Қазақстандық төрешілер УЕФА турнирлеріне тағайындалды

29 наурыз 2026, 12:54
УЕФА қазақстандық төрешілерді жасөспірімдер құрамалары арасындағы бірқатар турнирлерге тағайындады.

25-31 наурыз аралығында Швейцарияда өтетін 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының 2027 жылғы іріктеу матчтарына Франция, Швейцария, Венгрия және Уэльс құрамалары қатысады. Бұл ойындарға бас төреші ретінде Саят Қарабаев тағайындалды, оған көмекші ретінде Дмитрий Белоградов жұмыс істейді.

Нидерландыда (25-31 наурыз) өтетін турнирде бас төреші ретінде Данияр Сахи, ал көмекші ретінде Юрий Тихонюк қызмет атқарады. Бұл жарыста Нидерланды, Фарер аралдары, Солтүстік Македония және Молдова құрамалары ойнайды,

Германияда (25-31 наурыз) өтетін 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты 2026 іріктеуінің элиталық кезеңіне Германия, Австрия, Грекия және Швеция құрамалары қатысады. Бұл ойындарға Болат Сәриев пен Сергей Васютин тағайындалды.

Сонымен қатар, қазақстандық маман Павел Салий Хорватияда өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты іріктеуінің элиталық кезеңі матчтарына инспектор ретінде тағайындалды.

Бөлісу
Жоғары