Хромтаудағы «Горняк» стадионы ҚФФ тексерісінен өтті

Хромтаудағы «Горняк» стадионы ҚФФ тексерісінен өтті

30 наурыз 2026, 10:55
30 наурызда Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) «Хромтау» футбол клубының дебюттік маусымға дайындығы аясында «Горняк» стадионына жоспарлы инспекция жұмыстарын жүргізді.

ҚФФ комиссиясы стадион инфрақұрылымының  жаңартылған регламент талаптарына сәйкестігін тексерді. Тексеру барысында қауіпсіздік пен жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, алаңның сапасы, киім ауыстыру бөлмелерінің дайындығы, техникалық аймақтардың жабдықталуы, трибуналардың жағдайы және телетрансляция ұйымдастыруға арналған орындар қаралды.

Тексеру қорытындысымен стадион инфрақұрылымы ресми матчтарды өткізуге қойылатын негізгі талаптарға сәйкес деп танылды. Мамандар спорт нысанының кәсіби командаларды қабылдауға дайындығын жоғары деңгейде бағалады.

Осылайша, Хромтауда үлкен футбол қайта жанданып, жанкүйерлер үшін жаңа маусым жарқын эмоцияға толы болмақ.

Бөлісу
Жоғары