Тимур Қасымов: «Грузияға қарсы екі ойында көп тәжірибе жинадық»
– Грузиямен екі ойыннан команда қандай тәжірибе алды?
– Ең бастысы – халықаралық ойынның атмосферасын сезіну болды. Әртүрлі схемада ойнап көріп, түрлі стильге бейімделуге тырыстық. Сондай-ақ тактикалық өзгерістерге тез икемделуді үйрендік.
– Бірінші ойыннан кейін қандай қорытынды жасалды?
– Бірінші ойында батыл, агрессивті футбол ойнап, өз мүмкіндігімізді тексердік. Қарсылас қақпасы алдында көп сәттер жасадық. Есеп біздің пайдамызға шешілуі мүмкін еді. Бірақ соққының дәлдігін, шабуылды соңына дейін жеткізу сәтін жақсарту керек. Екінші ойында допты қарсыласқа беріп, қарымта шабуыл арқылы ойнауды таңдадық. Осы екі матчта да көп ақпарат пен тәжірибе жинадық деп ойлаймын.
– Осындай жолдастық ойындардың маңызы қандай?
– Әрине, мұндай жиындар мен ойындар өте маңызды. Осы бір жиынның өзінде 35 ойыншыны қарап, мүмкіндік бердік.