УЕФА «A-Elite», «B-Youth» курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды

УЕФА «A-Elite», «B-Youth» курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды

31 наурыз 2026, 11:40
Қазақстан футбол федерациясы Техникалық орталығы УЕФА-ның аталған лицензия курстарына қатысуға өтінім беру басталғанын хабарлайды.

Ниеттілер ҚФФ ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінде тіркеліп, толық өтінім формасын толтырып, талапқа сәйкес барлық құжатты жүктеп, үміткерлер тізіміне ену үшін өтінім беруі тиіс.

УЕФА «А-Elite» лицензиясына қойылатын талаптар:

  • Үміткерде УЕФА-ның «А» санатындағы қолданыстағы лицензиясы болуы;
  • Арнайы орта немесе жоғары дене шынықтыру білімінің болуы, оқу тілін (қазақ немесе орыс) жеткілікті деңгейде меңгеруі талап етіледі;
  • Қажетті құжаттар: ойыншы және жаттықтырушы мансабы көрсетілген түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар, сотталмағаны туралы анықтама;
  • Футбол бойынша практикалық сабақтарға қатысуға денсаулығында қарсы көрсетілімдердің болмауы (денсаулық туралы анықтама);
  • Оқу кезінде үміткер ел аумағында тиісті деңгейдегі футбол құрылымдарының бірінде тұрақты негізде жаттықтырушы ретінде практикалық қызмет атқару мүмкіндігіне ие болуы тиіс;
  • Іріктеу кезінде тең жағдайда басымдық балалар-жасөспірімдер футболында (U16–U18 жас санаттары, академия немесе футбол орталығы) жұмыс істейтін жаттықтырушыларға беріледі.

УЕФА «В-Youth» лицензиясына қойылатын талаптар:

  • Үміткерде УЕФА «В» санатындағы қолданыстағы лицензиясы болуы тиіс;
  • «В» лицензиясын алғаннан кейін кемінде алты ай жаттықтырушы ретінде жұмыс тәжірибесі болуы қажет;
  • Арнайы орта немесе жоғары дене шынықтыру білімінің болуы, оқу тілін (қазақ немесе орыс) жеткілікті деңгейде меңгеруі талап етіледі;
  • Қажетті құжаттар: ойыншы және жаттықтырушы мансабы көрсетілген түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар,сотталмағаны туралы анықтама;
  • Футбол бойынша практикалық сабақтарға қатысуға денсаулығында қарсы көрсетілімдердің болмауы (денсаулық туралы анықтама);
  • Оқу барысында үміткерде ҚР-да тиісті деңгейдегі футбол құрылымдарының бірінде тұрақты негізде жаттықтырушы ретінде практикалық қызмет атқару мүмкіндігінің болуы;
  • Іріктеу кезінде тең жағдайда басымдық балалар-жасөспірімдер футболында (U13–U15 жас санаттары, академия немесе футбол орталығы) жұмыс істейтін жаттықтырушыларға беріледі.

Курстың өту форматы, құны және басталу мерзімі құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін хабарланады.

Бөлісу
Жоғары