УЕФА «A-Goalkeeper», «B-Goalkeeper» курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды
31 наурыз 2026, 11:50
Ниеттілер ҚФФ ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінде тіркеліп, толық өтінім формасын толтырып, талапқа сәйкес барлық құжатты жүктеп, үміткерлер тізіміне ену үшін өтінім беруі тиіс.
УЕФА «A-Goalkeeper» лицензиясына қойылатын талаптар:
- Үміткерде УЕФА-ның жарамды «Pro», «B» және «B-Goalkeeper» лицензиясы болуы тиіс;
- Үміткер УЕФА «B-Goalkeeper», «B», «Pro» лицензияларын алғаннан кейін, 11х11 форматындағы футболда қақпашылар бапкері ретінде кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесіне болуы тиіс;
- Оқу курсына үміткердің дене шынықтыру саласы бойынша арнаулы орта кәсіби және жоғары білімі болуы қажет;
- Курстың ресми тілін (қазақ немесе орыс тілін) жазбаша және ауызша деңгейде жеткілікті меңгеруі тиіс;
- Тіркелу үшін барлық қажетті құжатты ұсынуы қажет: ойыншы және бапкерлік мансабы көрсетілген түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі; наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтамалар; сотталмағаны туралы анықтама;
- Футбол бойынша практикалық сабақтарға қатысуға денсаулығында қарсы көрсетілімі болмауы тиіс (денсаулық туралы анықтама);
- Курста үміткер ел аумағында тиісті деңгейдегі футбол құрылымдарының бірінде бапкер ретінде тұрақты практикалық қызмет атқару мүмкіндігіне ие болуы қажет,
- Басқа талаптар тең болған жағдайда, Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының негізгі құрамында жұмыс істейтін бапкерлерге және Қазақстан ұлттық құрамаларының қақпашылар бапкерлеріне басымдық беріледі.
УЕФА «В-Goalkeeper» лицензиясына қатысуға қойылатын талаптар:
- Үміткерде УЕФА «С» санатындағы қолданыстағы лицензиясы болуы және оны алғаннан кейін кемінде алты ай қақпашылар жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеуі тиіс;
- Арнайы орта немесе жоғары дене шынықтыру білімінің болуы, оқу тілін (қазақ немесе орыс) жеткілікті деңгейде меңгеруі талап етіледі;
- Қажетті құжаттар: түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар, сотталмағандығы туралы анықтама; денсаулығында қарсы көрсетілім жоқтығы туралы анықтама;
- Оқу кезінде ел аумағында жаттықтырушы ретінде тұрақты практикалық қызмет атқару мүмкіндігі болуы міндетті.
Курстың өту форматы, құны және басталу мерзімі құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін хабарланады.
Жаңалықтар
30 нау., 23:10
30 нау., 23:00
30 нау., 15:39
30 нау., 10:55
29 нау., 12:54
29 нау., 12:10