ҚФФ қазақстандық ойыншыларға арналған скаут платформасын іске қосады
Платформа таланттарды дамытудың ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және ойыншыларға тұратын еліне және жарыс деңгейіне қарамастан ҚФФ мамандарының назарына ілігуге мүмкіндік береді.
Платформаға кім тіркеле алады:
– Қазақстан клубтары мен академияларында ойнайтын футболшылар;
– шетелде өнер көрсетіп жүрген Қазақстан Республикасының паспорты бар ойыншылар;
– кәсіби де, әуесқой да футболшылар;
– барлық ойыншылар үшін жас шектеуі – 21 жасқа дейін;
– ҚФФ бақылау жүйесіне енгісі келетін барлық үміткерлер.
Платформаға тіркелу ойыншыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
– ҚФФ-ның ұлттық футболшылар базасына енгізілу;
– федерация скауттарының бақылауында болу;
– қаралымдарға, оқу-жаттығу жиындарына және турнирлерге шақырту алу;
– ҚФФ академиялары мен ұлттық құрамаларға шақырылу мүмкіндігі.
ҚФФ әлем бойынша таланттарды іздеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді және қазақстандық азаматтығы бар барлық дарынды футболшыларды біртұтас экожүйеге біріктіруді мақсат етеді.
Тіркелу сілтемесі ҚФФ ресми сайтында.