Астанада жасөспірімдер арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтеді

Астанада жасөспірімдер арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтеді

24 сәуір 2026, 19:58
25-30 сәуір аралығында Астана қаласында жасөспірімдер командалары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтеді.

Турнирге 9-11 сынып оқушылары қатысады. Республикалық жарыста еліміздің 15 өңірінен келген 15 команда бақ сынайды.

Командалар құрамы:

1. Алматы қаласы, №31 мектеп

2. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы ІТ мектеп-лицей

3. Атырау облысы, Атырау қаласы, «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

4. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Кішішыған ауылының орта мектебі

5. Абай облысы, Семей қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы N39 мектеп

6. Ұлытау облысы, Сатпаев каласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицей

7. Жамбыл облысы, Шу каласы, №40 мектеп-лицей

8. Қарағанды облысы, Алихан Бөкейхан мектебі

9. Алматы облысы, Қонаев қаласының Орта мектеп гимназиясы

10. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы #264 мектеп-лицейі

11. Актобе каласы, AQBOBEK INTERNATIONAL SCHOOL мектебі

12. Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы #47 мектеп-гимназия

13. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп 

14. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы #12 мектеп

15. Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы #37 мектеп лицейі

Бірінші ойын күнінің (25 сәуір) матч кестесі:

09:00. Түркістан обл – Ақтөбе (Air Arena)

08:00. Алматы обл – Астана қ. («Футбол үйі»)

12:00. Жетісу – Қызылорда («Футбол үйі»)

14:00. Акмола облысы – Жамбыл обл («Футбол үйі»)

16:00. Ұлытау – Қарағанды («Футбол үйі»)

18:00. Абай обл – Атырау («Футбол үйі»)

20:00. Маңғыстау – Шымкент («Футбол үйі»)

Бұған дейін ҚФФ қыздар командалары арасындағы «Былғары доп» республикалық кезеңі аяқталған болатын. Финалда Қызылорда облысының Қазалы ауданы мен Алматы облысының Іле ауданы командалары кездесті. 1:0 есебімен Алматы облысындағы №20 мектеп командасы жеңіске жетті.

«Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары