Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы өтіп жатыр
Барлық ойын KFF Zhastar YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған турнир – еліміздегі бұқаралық футболды дамытуға, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және қыздар футболын дамытуға бағытталған маңызды жоба. «Былғары доп» жас ойыншыларға өз шеберлігін көрсетуге, кәсіби футболға қадам жасауға мүмкіндік береді.
Ойын кестесі:
23.04.2026 | 11:00
Алматы қаласы – Маңғыстау облысы (7–8 орын)
Жетісу облысы – Ақтөбе облысы (5–6 орын)
23.04.2026 | 12:30
Түркістан облысы – Жамбыл облысы (3–4 орын)
Еске сала кетейік, жарысқа еліміздің 13 өңірінен келген командалар қатысты. Турнир 130-ға жуық оқушыны қамтыды.
Қатысушы командалар:
- Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №56 жалпы орта білім беретін мектеп;
- Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қаражантақ ауылы, Б. Кенжебаев атындағы мектеп;
- Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектеп;
- Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мәмбет ауылы, Ж. Егінбаев атындағы мектеп-интернаты;
- Алматы қаласы №68 мектеп-гимназия;
- Астана қаласы №71 мектеп-лицей;
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №25 орта мектеп;
- Алматы облысы, Іле ауданы №20 орта мектеп;
- Тараз қаласы, С.К. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп;
- Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылы, Боранбай би атындағы орта мектеп;
- Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, З. Бекарыстанұлы атындағы №3 мектеп;
- Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Е. Халықов атындағы №7 мектеп;
- Қарағанды қаласы №30 жалпы білім беретін мектеп.
Айта кетейік, 23-30 сәуір аралығында ұлдар арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезең ойындары өтеді.