Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-16 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды
Турнирде төрт команда өнер көрсетеді: Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Пәкістан. Командалар бір-бірімен бір ойыннан өткізеді.
Команданың аға жаттықтырушысы Русланжан Раимбакиев оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады:
Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиор Мирахматов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Бексұлтан Бекмұрза («Оңтүстік Академиясы»);
Қорғаушылар: Данияр Қаси, Арғын Жұмагелді, Михаил Турищев, Бахтияр Оразғалиев, Никита Лисохмар (барлығы – ҚФФ Академиясы), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Әмірхан Абуов («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Нұрмұхамед Қамбар, Радмир Хизметов, Платон Шипицин, Мирас Салимов, Мансұр Болат, Давид Заречный, Асхат Дұтпаев (барлығы – ҚФФ Академиясы), Абдулла Бапишев («Магдебург», Германия), Карим Мендіқанов («Сан-Кугат», Испания);
Шабуылшылар: Әмірхан Маратов, Артем Шалыгин, Сұлтан Дәуренов, Бекасыл Қанат, Ануар Төленді (барлығы – ҚФФ Академиясы).
Жаттықтырушылар штабы: Русланжан Раимбакиев – аға бапкер, Юрий Мархель – аға бапкердің көмекшісі, Асхат Құсайынов – дене даярлығы бапкері, Қазыбек Мамиленов – қақпашылар бапкері, Ұлан Қожабергенов – сарапшы , Абылай Аязбай – дәрігер, Сергей Бурлуцкий – массажист, Абылайхан Құрбанәлі – менеджер.
Даму Кубогы-2026 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):
25 сәуір (сенбі)
10:30 Ресей U17 – Әзербайжан U17
15:30 Қазақстан U17 – Пәкістан U17
27 сәуір (дүйсенбі)
10:30 Ресей U17 – Пәкістан U17
15:30 Әзербайжан U17 – Қазақстан U17
30 сәуір (бейсенбі)
10:30 Пәкістан U17 – Әзербайжан U17
15:30 Қазақстан U17 – Ресей U17