ҚФФ 2026-2028 жылдардағы футбол маусымына арналған демеушілік қызметтер пакетіне өтінім қабылдауды бастады

ҚФФ 2026-2028 жылдардағы футбол маусымына арналған демеушілік қызметтер пакетіне өтінім қабылдауды бастады

20 сәуір 2026, 16:53
«Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ 2026-2028 жылдардағы футбол маусымына арналған демеушілік қызметтер пакетін жүзеге асыру туралы хабарлайды.

Пакет ҚФФ аясында жарыстарға, ұлттық құрамалардың белсенділігіне, сондай-ақ федерацияның цифрлық және медиа платформаларына брендтерді интеграциялауға бағытталған кешенді коммерциялық мүмкіндіктерді қамтиды. Ұсыныс аясында орналастырудың, активациялардың және серіктестік интеграциялардың түрлі форматтары қарастырылған. Бұл ел бойынша футбол жанкүйерлері аудиториясымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қызығушылық танытсаңыз, 22 сәуірге дейін dir_marketing@kff.kz электрондық поштасына өтінім жолдауыңызды сұраймыз.

Біз жауап ретінде пакет құрамы, қолжетімді опциялар және ынтымақтастық шарттары туралы толық ақпарат жолдаймыз.

Бөлісу
Жоғары