Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусьті жеңді
Бегайым Қырғызбаева бастаған ұжымның қарсыласы Беларусь құрамасы болды. Кездесу Гүржістанның Гори қаласындағы Тенгиз Бурджанадзе атындағы стадионда өтіп, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта Қазына Норбаева соқты.
Бұл жеңіс қазақстандық футболшыларға 6 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасы көш бастап тұрған Беларусьпен ұпай саны тең болып, топта екінші орында тұр.
Келесі ойынын команда 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасына қарсы өткізеді.
Беларусь W – Қазақстан W – 0:1
Голдар: Норбаева 84
Алаңнан қуылды: Алховик 11
Қазақстан W: Портнова (Қ), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Демидова 71), Норбаева (Мамырова 85), Жұмабайқызы (Мясникова 55), Хайруллина, Бабшук (К), Гайстенова (Тучина 85), Бибосынова (Тұрлыбекова 71);
Қосалқы құрам: Исмайлова (Қ), Зейнали (Қ), Шустова, Сұңкарова, Абдуллаева, Набокова, Сатығалиева
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева
Беларусь W: Воскобович (Қ), Слесарчик, Козюпа, Ситникава, Капустина (Казакевич 46), Линник (К), Белая (Манюкова 85), Синауская (Ковалева 46), Шлапакова, Суровцева (Валюк 66), Алховик;
Қосалқы құрам: Сеуко (Қ), Свидунович (Қ), Кубичная, Ятсунович, Цихамирова.
Бас бапкер: Вячеслау Хрихарау
Төрешілер: Циофлики, Комисопулу, Детси, Делигианни (барлығы – Грекия)
18 сәуір, 2026. Тенгиз Бурджанадзе атындағы стадион, Гори (Гүржістан).