Шымкентте UEFA PRO лицензиясына арналған курстың 7-модулі өтеді

Шымкентте UEFA PRO лицензиясына арналған курстың 7-модулі өтеді

17 сәуір 2026, 15:00
Шымкентте 20–23 сәуірде Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған UEFA PRO жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған курстың жетінші модулі өтеді.

Бұл модуль жоғары білікті жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасының бір бөлігі саналады және элиталық деңгейде жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Оқу барысында заманауи футболдың негізгі аспектілері қарастырылады. Атап айтқанда, қарсы шабуыл – шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру тәсілі ретінде, тактикалық периодизация, жарыс кезеңіндегі апталық микроциклді жоспарлау, сондай-ақ физикалық дайындықтың жаттығу үдерісіндегі техникалық-тактикалық мазмұнмен өзара байланысы талқыланады. Сонымен қатар жаттықтырушы қызметіндегі психологиялық аспектілерге, соның ішінде көшбасшылық пен ойыншыларды мотивациялау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Оқу УЕФА стандарттарына сәйкес өткізіліп, жаттықтырушыларды кәсіби футболда жұмыс істеуге даярлауға бағытталған.

 

Бөлісу
Жоғары