ҚФФ Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінің отырысы өтті
OLIMPBET-Қазақстан Кубогы. 1/16 финал
«Тұран» – «Елімай»
2026 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 1/16 кезеңіндегі «Тұран» – «Елімай» ойынында команданың тәртіп бұзуы, яғни матч барысында 5 ойыншыға ескерту берілгені үшін Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес, «Тұран» ФК-ға 50 АЕК көлемінде, яғни 216 250 теңге айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
Кубок регламентін сақтамағаны, яғни ойыншылардың формасында букмекерлік кеңсенің жарнамасы болмағаны үшін, осы матчта, Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, «Елімай» ФК-ға 60 АЕК көлемінде, яғни 259 500 теңге айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
«BKS» – «Астана»
2026 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 1/16 кезеңіндегі «BKS» – «Астана» матчында қарсыласқа айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, «Астана» командасының ойыншысы Муса Таушев 1 матчқа шеттетілді. Жаза мерзімі 2026 жылғы 14 сәуірден басталады.
«Шахтер» – «Оқжетпес»
Командалардың киім ауыстыру бөлмесінен кеш шығуына байланысты матчтың 5 минутқа кеш басталғаны үшін, осы ойынға байланысты, Тәртіптік регламенттің 63-бабы 1-тармағы және 10-бабы 3-тармағына сәйкес, «Шахтер» ФК-ға 40 АЕК (173 000 теңге), ал «Оқжетпес» ФК-ға 60 АЕК (259 500 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
Ойынның дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни матч алдындағы жиналыста өрт қауіпсіздігі мен медициналық қызмет өкілдерінің болмауына байланысты, Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, «Шахтер» ФК-ға ескерту берілді.
Кубок регламентін сақтамағаны, яғни ойыншылар формасында букмекерлік жарнаманың болмауына байланысты, осы матчта, Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, «Шахтер» ФК-ға 40 АЕК (173 000 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
«Оңтүстік Академиясы» – «Ордабасы»
Команданың тәртіп бұзуы, яғни 5 ойыншыға ескерту берілгені үшін, осы матчта, Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес, «Оңтүстік Академиясы» ФК-ға 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
Бірінші лига
«Тұран» – «Оңтүстік Академиясы»
Бірінші лиганың 1-туры аясындағы «Тұран» – «Оңтүстік Академиясы» матчында команданың тәртіп бұзуы, яғни 5 ойыншыға ескерту берілгені үшін Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес, «Оңтүстік Академиясы» ФК-ға 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
«Қайрат-Жастар» – «Шахтер»
Матчты ұйымдастыру талаптарының сақталмауы, яғни диктордың болмауына байланысты, Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, «Қайрат» ФК-ға ескерту берілді.
«Тараз» – «Батыр ЕКБ»
Жанкүйерлердің тәртіп бұзуы, яғни матч кезінде фаер жағылғаны үшін, Тәртіптік регламенттің 64-бабы 1-тармағына сәйкес, «Тараз» ФК-ға 40 АЕК (173 000 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
«Тобыл Ж» – «Елімай Ж»
Команданың тәртіп бұзуы, яғни 5 ойыншыға ескерту берілгені үшін, осы матчта, Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес, «Тобыл» ФК-ға 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылғы 14 мамырға дейін төленуі керек.
Екінші лига
«ВПР Астана» – «Жеңіс Ж»
Екінші лиганың (солтүстік-шығыс) 1-туры аясындағы «ВПР Астана» – «Жеңіс Ж» матчында артық күш қолдана отырып өрескел ойын көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, «ВПР Астана» командасының ойыншысы Ислам Нартбаев 2 матчқа шеттетілді. Жаза мерзімі 2026 жылғы 7 сәуірден басталады.
«Ордабасы Ж» – «Хан-Тәңірі Ж»
Регламент талаптарының сақталмауы, яғни өрт қауіпсіздігі қызметінің кешігуі және ақпараттық таблоның жұмыс істемеуіне байланысты, Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, «Ордабасы» ФК-ға ескерту берілді.
«Тұран Ж» – «Қаршыға»
Регламент талаптарының сақталмауы, яғни матч алдындағы хаттаманың уақытында толтырылмауына байланысты, Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, «Тұран» ФК-ға ескерту берілді.