Какау: «Ең бастысы – жеңіс»

Какау: «Ең бастысы – жеңіс»

13 сәуір 2026, 23:20
Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Камара Собрал Ақтауда өткен Әзербайжанмен алғашқы жолдастық матч туралы айтып берді.

– Ең бастысы – жеңіс. Ойыншыларымызға ризамын, жақсы ойын көрсетті. Әрине, оңай болған жоқ, өйткені Әзербайжан – жаңа команда. Үш күн бұрын олар Грузиядан 3:2 және 5:2 есебімен жеңілген. Грузия Еуропа чемпионатында ойнаған, деңгейі жоғары команда.Ойыншылар мінез көрсетті, талпынысы жақсы болды. Бірақ қорғаныста әлі де жұмыс істеу керек, екі қателік жібердік. Команданы құттықтаймын, өйткені алғашқы ойындар, әсіресе үзілістен кейін, әрқашан қиын өтеді. Алдағы уақытта бұдан да жақсы болады деп ойлаймын. Ойыншыларға рақмет айтамын. Жанкүйерлерге де алғысымды айтамын. Олар біз үшін алтыншы ойыншы сияқты.

Біз қарсыласты құрметтеп, 40 минут бойы толық концентрацияда ойнауымыз керек. Агрессия – дөрекілік емес, бұл қарқын. Бүгін команда жақсы ойын көрсетті. Мен жігіттерге алғашқы 10 минут ең қиын болатынын айттым, өйткені біз 3-те 1 жүйесімен ойнадық. Кейін 4-0-ге көшкенде, жас ойыншылар жақсы байланыс жасап, сәттер құрып, гол соқты. Бірақ кейбір тұстарды өзгерту керек. Қазір біз жеке қорғанысты қолданамыз, бірақ кейде жағдайға қарай аймақтық қорғанысқа ауысамыз. Қарсыласта екі «столб» бар, оларға қарсы жеке ойнау қиын, өйткені олар көп қозғалып, шаршатады. Сондықтан бізге сәл өзгеріс енгізу керек болды, - деді Какау.

Бөлісу
Жоғары