Футболдан Премьер-лиганың 5-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
Оқжетпес – Ертіс
72-минут. Қонақтардың айып алаңында №63 шабуылшы допты күтіп, оң аяқпен ойнайды. Артынан №27 қорғаушы допқа ұмтылғанымен, абайсыз әрекет жасап, допқа емес, қарсыласының аяғына тиіп құлатады. Төреші эпизодты дұрыс бұрыштан көре алмай, ереже бұзылғанын байқамайды.
VAR эпизодты тексеріп, дұрыс араласты.
Видеоқараудан кейін төреші пенальти белгілеп, дұрыс қорытынды шешім қабылдады.
82-минут. Алаң иелерінің пайдасына берілген айып добынан кейін қонақтардың айып алаңына асырма доп жасалады. №11 шабуылшы баспен ойнау үшін секіреді. Артынан №16 қақпашы да допты қағу үшін секіріп, тізесін көтеріп, орташа күшпен шабуылшының арқасына тиеді. Соның салдарынан №11 шабуылшы құлайды: бұл айқын ереже бұзу. Төреші дұрыс позицияда болғанымен, эпизод шабуылшының артында болғандықтан оны көрмей қалады.
VAR дұрыс араласты.
Төреші пенальти белгілеп, дұрыс қорытынды шешім қабылдады.
Астана – Ордабасы
19-минут. Алаң иелерінің айып алаңында №45 шабуылшы мен №4 қорғаушы доп үшін күреседі. Екеуі де допқа секіреді. Шабуылшы баспен соққы жасаған соң доп жақын қашықтықтан қорғаушының қолына тиеді. Қол табиғи қалыпта болған және дене көлемін үлкейтпеген. Төреші пенальти белгілейді.
VAR дұрыс араласты.
Видеоқараудан кейін төреші пенальти белгілемей, дұрыс қорытынды шешім қабылдады.
Жетісу – Елімай
79-минут. Қонақтардың айып алаңында №5 қорғаушы мен №77 шабуылшы доп үшін күреседі. Доп ауада ұшып, жоғары серпіліп кетеді. Екі ойыншы да допқа қарап, бір бағытта жүгіріп бара жатады. Шабуылшы алда болып, қорғаушы бұрылған сәтте қарапайым қақтығыс болды – ереже бұзу жоқ.
VAR дұрыс араласқан жоқ.
Төреші ойынды ары қарай жалғастыру туралы дұрыс қорытынды шешім қабылдады.
Қызылжар – Жеңіс
37-минут. Алаң иелерінің шабуылында №10 шабуылшы допты бақылап, қонақтардың айып алаңына кіреді. №8 және №10 қорғаушыларды алдап өткеннен кейін №93 қорғаушы допқа ұмтылып, абайсыз әрекет жасап, шабуылшыны құлатады. Төреші бұл ереже бұзушылғанын байқамай, ойынды жалғастыра береді.
VAR-дың араласпауы – қате.
Төреші пенальти белгілемей, қате шешім қабылдады.