Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды

Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды

07 сәуір 2026, 18:11
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасын жеңді.

Кездесу Юлия Мамонова шәкірттерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ботагөз Жұмажанова дубль авторы атанса, Софья Ягудина мен Балжан Төлеміс бір-бір голдан соқты.

Черногорияны жеңіп, алғашқы матчта Молдовамен (2:2) тең түскен Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алды. Осы нәтижесінің арқасында команда 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасына жолдама алды.

Құрамамыздың ең нәтижелі ойыншысы Ботагөз Жұмажанова атанды. Ол үш гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Қазақстан WU-17 – Черногория WU-17 – 4:1 (2:0)

Голдар: Жұмажанова 38, 52, Ягудина 40, Төлеміс 76 – Лукович 47

Ескертулер: Алпысбай 62 – Диздаревич 53, Лукович 69, Лакович 80

Қазақстан WU-17: Жақсыгелді (қ), Жамбыл (к), Алпысбай, Косарева, Шуренова (Сманова 46), Кленова, Мақсот (Төлеміс 46), Мақсат (Төлебаева 24), Ягудина, Махаш (Дүйсембаева 85), Жұмажанова (Болатова 85).

Қосалқы құрам: Үсен (қ), Хутдыгулы, Рыбак, Айтжанова

Аға жаттықтырушы: Юлия Мамонова

Черногория WU-17: Ораховац (қ) (Живкович 46), Аз Ораховац, Влаович, Петрович, Мозер, Живкович, Лукович (к), Иойович (Радович 57), Дамьянович, Цебалович (Лакович 77), Диздаревич (Боскович 81)

Қосалқы құрам: Байович (қ), Джорджевич, Гардасевич, Митрович

Аға жаттықтырушы: Здравко Жаукович

Төрешілер: Дюгу Хатише Айдын (Түркия), Айенур Каракоч (Түркия), Севда Нуриева (Әзербайжан), Ионна Вассалло (Мальта)

07.04.2026. Черногория, Даниловград, «Браче Велашевич» стадионы

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары