Қазақстан WU-17 құрамасы Молдовамен тең ойнады
Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын барысында Қазақстан құрамасы есепте алға шығып, басымдық танытқанымен, матч соңында қарсылас тарапы таразы басын теңестірді.
Қазақстан құрамасы сапынан Жания Махаш пен Ботагөз Жұмажанова гол соқты. Қарсылас құрамадан Полина Мазур мен Ольга Лука мергендік танытты.
Матч Черногорияның Даниловград қаласындағы «Браче Велашевич» стадионында өтті.
Молдова WU-17 – Қазақстан WU-17 – 2:2 (1:2)
Голдар: Мазур 11, Лука 85 – Махаш 14 (пенальти), Жұмажанова 40
Ескертулер: Ботезату 59 – Максот 61, Жұмажанова 69, Мақсат 90+4
Молдова WU-17: Молошник (қ) (Кастравец 46), Кучер, Белченкова, Богхиу, Горчеа (к) (Сырбу 66), Станчу, Мазур (Корчинская 57), Борщи (Добровольская 34), Лазарь, Ботезату, Урсаки (Лука 34)
Қосалқы құрам: Годорожа, Гайна, Кырлан, Котелеа
Аға бапкер: Елена Субботин
Қазақстан WU-17: Үсен (қ), Коссарева, Шуренова, Максот, Мақсат, Кленова, Жұмажанова, Махаш (Төлебаева 62), Алпысбай (Болатова 90+6), Ягудина (Төлеміс 72), Жамбыл (к)
Қосалқы құрам: Жақсыкелді (қ), Сманова, Құттығұлы, Рыбак, Дүйсембаева, Айтжанова
Аға бапкер: Юлия Мамонова
Төрешілер: Угне Шмитайте (Литва), Русне Васарите (Литва), Айенур Каракоч (Түркия), Дуйгу Айдын (Түркия)
04.04.2026. Черногория, Даниловград, «Браче Велашевич» стадионы