«Әуесқой лигасы» жеңімпаздары Қазақстан Кубогына қатысты
Өткен жылы ҚФФ «Әуесқой лигасы» жобасын іске қосты. Турнир қорытындысы бойынша үздік екі команда – БКС пен «Желаев Нан» Қазақстан Кубогында өз күштерін сынап көруге мүмкіндік алды.
Алматы қаласының БКС клубы – елдегі ең мықты әуесқой ұжымдардың бірі және өткен жылғы әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. БКС Қазақстан Кубогының 1/16 финалында дебют жасап, бірден өз деңгейін көрсетті. Команда жеті дүркін ел чемпионы «Астанаға» лайықты қарсылық танытты. Ойын барысында алаң иелері 1:0 есебімен алда болғанымен, қорытындысында шешуші голды қосымша уақытта жіберіп, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Алда команданы UEFA Regions Cup турнирі күтіп тұр, онда БКС Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғайды.
Қазақстан Кубогы, 1/16 финал
БКС – «Астана» – 1:2 (1:1)
Голдар: Пархатжан 30 – Мустафин 34, Ахметов 90+2
08.04.2026. Алматы, «Хан-Тәңірі» стадионы
Тағы бір қатысушы – Орал қаласының «Желаев Нан» клубы. Бұл команда көп жылдан бері өңірлік жарыстарда табысты өнер көрсетіп келеді. 2024 жылы ұжым елдегі үздік әуесқой командалардың қатарына еніп, осы маусымда Қазақстан Кубогының 1/16 финалында Премьер-лига өкілі «Алтаймен» кездесті.
Қазақстан Кубогы, 1/16 финал
«Желаев Нан» – «Алтай» – 0:2 (0:1)
Голдар: Мичевич 15, Шмидт 54
09.04.2026. Орал, Петр Атоян атындағы стадион
Әуесқой командалардың Қазақстан Кубогына қатысуы – отандық футболды дамытудағы маңызды қадам. Бұрын турнир тек кәсіби клубтардың жарысы ретінде қабылданса, енді ол ашық сипатқа ие болып, қатысушылар ауқымы кеңейіп келеді. Мұндай тәжірибе футболды кеңінен насихаттауға, бәсекелестікті арттыруға және футбол жүйесінің, әсіресе оның бастапқы деңгейінің нығаюына ықпал етеді.
Жуырда еліміз бойынша 260-тан астам команданы және 5000-нан аса ойыншыны біріктіретін ауқымды жоба – «Әуесқой лигасының» жаңа маусымы басталады. Турнир бұқаралық футболды дамытуда және әуесқойларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда маңызды рөл атқаруын жалғастырып келеді.