Қазақстан әйелдер құрамасының Беларуське қарсы матчқа шақырту алған ойыншылар тізімі

Қазақстан әйелдер құрамасының Беларуське қарсы матчқа шақырту алған ойыншылар тізімі

08 сәуір 2026, 10:10
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларуське қарсы матч өткізеді.

Ойын 18 сәуірде Грузияда өтеді. Оқу-жаттығу жиыны 7 сәуірде Шымкенттегі «БИІК» спорт базасында басталады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Бегайым Қырғызбаева бұл ОЖЖ-ға 28 ойыншыны шақырды. Олар:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»), Әсел Әнуарбек («Қызылжар»).

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Юлия Мясникова (клубсыз), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Анель Бланк («Қызылжар»), Анеля Сұңқарова («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Қазына Норбаева («Гурник Ленчна», Польша).

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).

Бапкерлер құрамы: Бегайым Қырғызбаева – бас бапкер, Юлия Ширяева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы бапкері, Дмитрий Колбунцов – қақпашылар бапкері, Расул Маруа – сарапшы-бапкер, Мақсат Әмірбай – бейнеоператор, Азамат Оспанов – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Асемгүл Смағулова – массажист, Жанболат Тыныбек – әкімші, Серік Жугралин – менеджер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары