Юлия Мамонова: «А лигасына шығу – ҚФФ-ның жүйелі жұмысының нәтижесі және ортақ жетістігіміз»
«Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Бұған дейін қатарынан үш мини-турнирде А лигасына шығу үшін бір қадам жетпей келген еді. Биыл сол межені еңсергенімізге өте қуаныштымыз.
Қыздар үлкен еңбек атқарды. Бұл жетістік – Қазақстандағы әйелдер футболында жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстың нақты нәтижесі деп айтуға болады.
Қазіргі таңда футбол орталықтарында көптеген жас санаттары толық қамтылған. Соның арқасында ұлттық құрамаға ойыншыларды іріктеу мүмкіндігі артты. Қыздардың саны көбейіп, енді біз құрамаға шақырылатын ойыншыларды сапалы түрде таңдай аламыз.
Бұл – клубтарда еңбек етіп жүрген қыздардың да еңбегі. Осы ойыншыларды дайындап жатқан барлық бапкерлерге алғысымызды білдіреміз. Бұл – ортақ жеңіс, баршамыздың жетістігіміз.
Алдағы уақытта да нық қадам жасап, жыл сайын күшейе түсеміз деп сенеміз.
Жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Бұл нәтиже бәрімізге қуаныш сыйлады», – деді Мамонова.