Шымкентте ҚФФ-ның скаутинг бойынша семинары өтеді

Шымкентте ҚФФ-ның скаутинг бойынша семинары өтеді

08 сәуір 2026, 11:37
13-16 сәуір аралығында Шымкент қаласында таланттарды анықтау және іріктеу саласындағы жаттықтырушылар мен мамандарға арналған скаутинг бойынша семинар өтеді. Оқу шарасы U-14 жас санатындағы жасөспірімдер командалары арасындағы «Жалын» республикалық турнирі аясында ұйымдастырылады.

Семинарға 25-тен астам маман қатысады. Олардың қатарында жаттықтырушылар мен футбол ұйымдарының өкілдері бар. Шақырылған сарапшылар тізімінде FIFA-ның таланттарды анықтау және скаутинг бойынша сарапшысы Стив Марроу және UEFA-ның элиталық жасөспірімдер футболы жөніндегі маманы Роджер Мейхтри бар.

Курс бағдарламасы скаутинг, ойыншыларды іріктеу және бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Қатысушылар заманауи талдау әдістерімен, ойыншыларды іріктеу қағидаларымен танысып, алған білімдерін жарыс жағдайында қолдану жолдарын меңгереді.

Семинардың практикалық бөлімі «Жалын» турнирінің матчтары барысында өтеді. Бұл қатысушыларға теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, нақты ойын үрдісі жағдайында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Семинарды Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырып отыр және ол балалар мен жасөспірімдер футболы саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары