Қазақстан WU-19 құрамасы Израильден жеңілді

Қазақстан WU-19 құрамасы Израильден жеңілді

12 сәуір 2026, 17:00
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Израиль құрамасына қарсы матч өткізді.

Кездесу Израиль құрамасының пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Голдарды Тамар (10), Аркоби (15) және Рот Хазан (26) соқты.

Матч Мальтаның Та-Кали қаласындағы «Центенари» стадионында өтті.

Израиль WU-19 – Қазақстан WU-19 – 3:0 (3:0)

Голдар: Тамар 10, Аркоби 15, Рот Хазан 26

Израиль WU-19: Цук (қ), Азар, Кармели, Диван (Блаер Пелед 46), Тамар (Кейнан 72), Або (Гаргир 46), Рот Хазан (Шнайдерман 86), Гулден, Й. Мор (Эльмалех 67), Аркоби, Липсикас Гева

Қосалқы құрам: Бранин (қ), Камин, Т. Мор, Торок

Аға бапкер: Сильви Жан

Қазақстан WU-19: Хайтметова (қ), Бекқожина (к), Толкачева, Муттари, Ермағамбетова, Мұратжан (Байжанова 60), Медведева (Максим 83), Ахметжан (Головкова 60), Омарова (Цой 68), Мейманбай (Холбаева 68), Жолболат

Қосалқы құрам: Гук (қ), Зекен, Сұлтан, Айсапар

Аға бапкер: Ксения Постовая

Төрешілер: Елена Кумер (Хорватия), Габриэла Гачич (Хорватия), Сара Канкарас (Мальта), Иоанна Вассалло (Мальта)

Мальта, Та-Кали, «Центенари» стадионы

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары