Игита: «Жігіттердің мотивациясы жоғары, жеңіске деген құлшынысы бар»
– Ең алдымен жеңіс маңызды. Ірі есеппен жеңгеніміз тіпті жақсы. Гол соққаныма қуаныштымын. Бір гол жіберіп алдық, әрине, сәл өкінішті. Бірақ ең бастысы – жанкүйерлер келіп, бізді қолдады, алға жетеледі. Біз де оларды көп голмен қуанттық. Қазақ футзалының жоғары деңгейде екенін көрсету әрдайым ұнайды.
Біз осы жолды жалғастырып, әр ойын сайын жақсара береміз. Жігіттердің мотивациясы жоғары, жеңіске деген құлшынысы бар. Бұл жеңіс – бүкіл команданың еңбегі, сонымен қатар жаңа бапкердің де үлесі бар. Ол бізге мотивация мен сенім берді. Бәрі қысымсыз, еркін ойнады. Сондықтан жеңіс біздің жақта.
Бүгін демаламыз, ал сәрсенбіде тағы бір ойын бар. Ол ойын бұдан да қиын болады деп ойлаймын, өйткені қарсылас та жеңілгісі келмейді.
Мен командаға көмектескенді, сақтандырғанды жақсы көретін қақпашымын. Сондықтан алдыңғы шепте агрессивті ойнауға болады, ал біз артта бәрін бақылап, көмектесеміз.
Бізде жас, агрессивті, физикалық тұрғыдан мықты ойыншылар бар, соны пайдалану керек. Олар жылдам, алдыңғы шепте белсенді ойнай алады, ал артта біз реттейміз. Қателік болса, түзетеміз. Біз бір-біріміз үшін ойнаймыз.
Әрине, Игита стилінде ойнауға тырысамын. Бірақ уәде беру әрқашан оңай емес. Гол соққаныма қуаныштымын, көптен бері болмаған еді. Алғашқы ойындардың бірінде-ақ гол соққаным жақсы.
Сенімді ойнап, аз гол жіберуге тырысамыз. Қорғаныста әлі де жұмыс бар. Команда жеңуі үшін әрқашан бар күшімді саламын.
Әсіресе өз алаңымызда ойнау ерекше. Жанкүйерлердің қолдауын сезіну өте керемет. Сәрсенбіде де жақсы ойын көрсетуге тырысамыз, - деді Игита.