Қарағандыда Grand Final EKPL өтеді
17 сәуір 2026, 11:03
Шешуші матчтар Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында ұйымдастырылады. Арена 12:00-де ашылады, ал ойындар 13:00-де басталады.
Қонақтарды шоу-бағдарлама мен үлкен финалға тән ерекше атмосфера күтіп тұр, ал ойындарда Алдияр Жапарханов пен Петр Воликов комментаторлық етеді.
Турнирдің финалдық кезеңіне еліміздің ең үздік сегіз киберфутболшысы қатысады. Олар «Ертіс», «Шахтер», «Ұлытау», «Атырау», «Қайрат», «Қайсар», «Астана» және «Жеңіс» командаларының намысын қорғайды.
Ширек финалдық жұптар:
«Ертіс» – «Шахтер»
«Ұлытау» – «Атырау»
«Қайрат» – «Қайсар»
«Астана» – «Жеңіс»
Grand Final EKPL жеңімпазы халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болып, eChampions League пен FC Pro 2026 турнирлеріне жолдама алады.
Жаңалықтар
16 сәу., 19:20
16 сәу., 15:53
15 сәу., 23:10
15 сәу., 16:31
15 сәу., 16:20