Алматыда ҚПЛ төрешілеріне арналған семинар өтті

Алматыда ҚПЛ төрешілеріне арналған семинар өтті

17 сәуір 2026, 18:30
Алматыда ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаменті Премьер-лига төрешілеріне арналған білім беру бағдарламасы аясында екі күндік семинар өткізді.

Семинардың ашылу сессиясын ҚФФ бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин жүргізді. Іс-шараға 25 төреші қатысып, олар төрешіліктің негізгі аспектілері бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Атап айтқанда, жекпе-жек эпизодтарын бағалау, қолмен ойнау, айып алаңындағы сәттер және матчты басқару мәселелері қарастырылды.

Негізгі назар алаңда да, VAR жүйесімен жұмыс барысында да шешім қабылдауда бірізділік пен тұрақтылықты сақтауға аударылды. Бағдарлама теориялық сабақтарды, ойын эпизодтарын талдауды, сондай-ақ физикалық дайындық пен шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған алаңдағы практикалық жаттығуларды қамтыды.

Семинардың соңғы күнінде Қазақстан Премьер-лигасының матчтары егжей-тегжейлі талданып, алынған білімдер негізінде, соның ішінде VAR жүйесін қолдану тәжірибесі  қарастырылды.

Мұндай семинарларды өткізу төрешілік сапасын арттыруға және ресми матчтарда шешім қабылдаудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары